Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығымен мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - әдістеме) әзірленді.
Әдістеме жетекшілік ететін саланы/саланы/аймақты дамыту, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігін айқындауға арналған.
Бұл ретте, бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы деректерді олардың дұрыстығы тұрғысынан қайта тексеруді жүргізеді.
Қайта тексеру стратегиялық жоспарларды/аумақтарды дамыту бағдарламаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсынылған ақпараттың дұрыстығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
2020 жылы Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2019 жылғы бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) қызметіне қайта тексеру жүргізді.
2019 жылға Қостанай облысының даму бюджеті 49 354 743,5 мың теңге жоспар бойынша49 244 535,9 мың теңгеге немесе 99,78% орындалды, бұл 2018 жылғы (99,98%) көрсеткішінен төмен.
2019 жылы 9 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша Әкімдік бағалауға жататын 53 бюджеттік даму бағдарламасын іске асырды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тікелей нәтижесіне қол жеткізу көрсеткіштерінің орташа мәні 86,74% құрады.
Іске асырылған 53 бюджеттік бағдарламалар бойынша 23 бағдарлама (100%) тікелей нәтижеге қол жеткізген, ал 26-і бойынша ішінара, 4 бағдарлама бойыенша нәтижеге қол жеткізуі-0 %.
53 және бағаланатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігінің орташа пайызы 2019 жылы 86,74%–ды құрады. Салыстыру үшін 2018 жылы – 87,4%, 2017 жылы-87,7%.
Жалпы алғанда, 53 бюджеттік бағдарламаның 26-і бойынша орындалу тиімділігі 100%-ды (ең жоғары балл) құрады, 4 бағдарлама бойынша 90,1% - дан кем тікелей нәтижелерге жеткен кезде нөлдік балл берілді.
Есепті кезеңде барлық бағалау критерийлері бойынша Әкімдік бойынша алынған баллдардың сомасы 24,89 баллды құрады.