Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ – де аудиторлық іс-шара өткізді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталды.
Мәселен, мемлекеттік мекеме басшылығы қосымша келісімді заңсыз жасасу жолымен "Іле таңы" ЖШС жеткізушісімен шарттық қатынастар шеңберінде сатып алынатын ақпараттық материалдар мен БАҚ-та жарияланымдарды дайындау бойынша қызметтердің көлемін жалпы сомасы 9 млн 977 мың теңгеге негізсіз ұлғайтты.
Сонымен қатар, мекеме ҚР Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағын бұза отырып, жалпы сомасы 7 млн 665,0 мың теңгеге орындалмаған қызмет көлемін қабылдады және төледі.
Сондай-ақ мекеме "Іле таңы" ЖШС өнім берушісін Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы 3% мөлшерінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі шартты қамтамасыз етуді енгізбегені үшін талап арыз берген жоқ, ол үшін мекеме басшылығы "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабы 10-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудит қорытындысы бойынша барлық анықталған бұзушылықтар жойылды, бюджет кірісіне 7 млн 665,0 мың теңге сомасы өтелді, 45 945 теңге сомасында әкімшілік айыппұл аударылды, мекеменің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.