«Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тексеру мердігер «ИНЖЕНЕРИНГ» ЖШС-нің «ИНЖЕНЕРИНГ» Алматы облысы, Талғар ауданың, ауылдық округтерінің спорт алаңшаларын жабдықтау міндеттемелерін орындауы бойынша аудиторлық іс-шара өткізілді. Алматы облысы Талғар ауданы. Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұза отырып, шарт сомасы 38 482,5 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылғаны анықталды. Сондай-ақ, мердігер 21 092,4 мың теңгеге спорт алаңдарын орнатпағандығы, шарттың орындалуын қамтамасыз етпеуінен 15 636,5 мың теңгеге қайтарылған. «Талғар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің тапсырысшысы заңмен белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу бойынша мердігер ЖШС « ИНЖИНЕРИНГ»-ті жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген.
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті