Жамбыл ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасы бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша мердігер мекеме «КөлсайСтрой» ЖШС-нің «Ақсентір елді мекенінің ауыз су жүйесін салу және реконструкциялау» жобасы бойынша 18 930,0 мың теңгеге жұмыстары аяқталмағаны анықталды. Ал, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асырудан азаматтар үшін ең айқын нәтиже – тұрғындардың өмір сүру жайлылығын арттыру – ауыз сумен толық қамтамасыз ету.
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті