"Қарасай аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасына бөлінген қаражаттың пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қарасай ауданының» мердігер «КазЕвроСтрой» ЖШС 120 000,0 мың теңгеге «Жаңатұрмыс ауылының ауыз су құбырын салу және реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстарды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізбегені анықталды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін мердігер «Каз ЕвроСтрой» ЖШС-нен 285,4 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Жобалық шешімдердегі сәйкессіздіктер анықталды. Жобаның құрылысына байланысты ақшалай ысыраптар мен қосымша шығындардың алдын алу үшін аудит материалдары "Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жолданды.
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті