Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 198 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 184 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 14 іс-шара- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.
Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 133779,6 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 79934,6 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 7401,2 млн.теңгені және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 72533,4 млн. теңгені құрады.
Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 7401,2 млн. теңге қаржылық бұзушықтардан 7401,0 млн. теңге (99,9%) өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 721,3 млн. теңге болса, бюджетке 721,1 млн. теңге (99,9%) өтелді және жалпы сомасы 6679,9 млн. теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілді.
2022 жылдың 9 айында камералдық бақылаумен 415323,2 млн. теңге соманың 21365 лоты мен жоспар тармақтары (қамту 97,0 % құрайды) қамтылды, 1520 лот бойынша 57822,1 млн.теңгеге бұзушылықтар аңықталды.
Департамент тарапынан есепті кезеңде 510 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 38869,5 мың теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толығымен бюджетке өндірілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 92 лауазым тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.