Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық есептілік аудитінің алдын ала нәтижелері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.

Комитет қаржы есептілігінің аудитін 24 объектіде жүргізеді, оған 11 орталық мемлекеттік органдары және 13 ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері кіреді.

Бұдан басқа, қаржылық есептілік аудитін аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерімен 17 облыстық басқармаларда және квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоса алғандағы,  45 ведомстволық бағынысты мекемелерде өткізіледі.

Аудиторлық іс-шаралармен активтерді, міндеттемелерді және таза активтерді/капиталды көрсетудің толықтығы, ақша қаражатының қозғалысын, дебиторлық және кредиторлық берешекті, қаржылық инвестицияларды және ұзақ мерзімді активтерді есепке алудың дұрыстығы, кірістер мен шығыстар шоттарын жабу және есепті кезеңдерде жасалған басқа да қаржы-шаруашылық операциялар мәселелері қамтылды.

Бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жылдық есеп жасалғанға дейін және аудиторлық іс-шара аяқталғанға дейін бухгалтерлік есепті жүргізуде жіберілген қателіктерді ағымдағы тәртіптемелерде сәйкестендіре алатындай аудиттің қолданылатын тәсілдері алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта 2022 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті жалғасып жатқандықтан, аудиттің түпкілікті нәтижелері аудит объектілері қаржылық есептілікті қалыптастырғаннан және аудиторлық есепке қол қойғаннан кейін орналастырылатын болады(Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі).

Дата публикации
15 ноября 2022
Дата обновления
15 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы