ШҚО бойынша ІМАД қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында Департаментте олардың қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі - НҚА) қатысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.   

Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі - сыбайлас жемқорлық тәуекелі, оның келесі көріністері бар: мерзімдердің болмауы немесе белгісіздігі; қайталанатын өкілеттіктердің болуы.

НҚА мемлекеттік органның құзыретін "болуы мүмкін" деген тұжырымдардың көмегімен айқындайды, бұл өкілеттіктердің кез келген түріне – тіркеу, рұқсат беру, бақылау, юрисдикцияға жатады.

          «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заның талдау барысында:

- Заңның 17 бабының 1 тармағының 3) тармақшасы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудитордың жазбаша өтінішхаты бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып ұзартуы мүмкін екендігі анықталды.

Дата публикации
20 ноября 2020