Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Анықтамасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін 2025 жылғы 24 ақпандағы № 4-Н бұйрығымен келесі құрамда құрылған:

           Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелерін басқару бойынша үйлестіруге жауапты жұмыс тобының төрағасы - Ә.Баймағамбетов;             Жұмыс тобының мүшелері:       

            Г.Салиева – Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы;

          К.Аманжолова – Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы;

          Е.Шардарбек – Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы;

          Е.Беков – Камералдық бақылау бөлімінің басшысы;

          К.Рахимбердиев – Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 1 қаңтардан 10 сәуірге дейін.

Ішкі талдау 2025 жылдың 1 жартыжылдығында Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) мәніне мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

         - персоналды басқару;

         -ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау. Әкімшілік іс жүргізу. Қаржылық бұзушылықтарды талдау, қорыту, алдын алу.

         - бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни жарияланымдар;

         - мемлекеттік аудит саласындағы функцияларды іске асыру;

          - талап-арыз жұмысы;

          - әкімшілік практика;

          - камералдық бақылау;

-сапаны бақылау.

Жүргізілген талдау барысында мыналар анықталды:

                                                                          

Персоналдық басқару

        

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Төрағасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 395 бұйрығымен бекітілген штат кестесіне сәйкес, Департаменттің штат саны 31 бірлікті құрайды. 2025 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерінің нақты саны 30 бірлікті құрады. Барлығының жоғары білімі бар.

Департамент штатын жасақтау біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар болған жоқ.

Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Департамент дисциплинарлық жазаны алып тастауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен келісім бойынша төрт айдан ерте жүргізбейді.

Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы анықталмаған.

Жою жөніндегі ұсынымдар: Тәртіптік теріс қылықтарды болдырмау мақсатында бөлімдер басшылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын тұрақты негізде түсіндірсін.

 

 

Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау

        Департамент «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, барлық қызметкерлердің жеке істерінде шектеулерді, антты қабылдау туралы жазбаша міндеттемелер бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметші мен оның жұбайына (зайыбына) табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру туралы анықтамалар ұсынылған.      

          Құқықтық оқыту сабақтары, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңестер өткізіледі.

         2025 жылдың есепті кезеңінде сенім телефоны мен жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігіне Департамент қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.

         Талданып отырған кезеңде Департамент қызметкерлерінің этикалық нормаларды бұзуына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту фактілеріне жол берілмеген.

          Лауазымды тұлға лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде Департаментте мүдделер қақтығысы туындаған жоқ. Департаменттің басшылығына тікелей бағынысты, олардың жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Департаментте жоқ.

         Департаментте меритократия қағидаты сақталады, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке адалдық белгілері бойынша артықшылық берілмейді

        Бұдан басқа, Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында 8 дөңгелек үстел өткізілді.

          Департамент қызметкерлері талдау және ақпараттық жүйелерден алынған деректер негізінде бақылау объектісіне бармай-ақ камералдық бақылауды, сондай-ақ Сапаны бақылауды жүргізу қағидаларына қатаң сәйкестікте сапаны бақылауды жүргізеді.

          Тәуекелді жою жөніндегі ұсынымдар: мемлекеттік аудитордың аудит объектілерімен тікелей байланысы бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығымен бекітілген Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларында айқындалған тәртіппен, яғни қаржылық шаруашылық қызмет бөлігінде электрондық мемлекеттік аудит нысанында сәйкестік аудитін жүргізу ұсынылады.        

 

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни жарияланымдар

 

          Департаменттің қызметі мен қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында сыни жарияланымдар жарияланбады.

          Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына тұтастай аудиторлық қызметтің қорытындылары туралы мақалалар жариялау үшін жіберіледі, болашақта оларды болдырмау мақсатында анықталған бұзушылықтардың нақты фактілері, сондай-ақ ішкі аудит және мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірулер жарияланады.     

    2025 жылдың 1 тоқсанында облыстық БАҚ-та, КВГА сайтында және әлеуметтік желілерде 12 мақала жарияланды («AqJol», «Знамя труда», «Жаңа Өмір», «Мойынқұм таңы» газеттері және т.б.).

          Ұсынымдар: БАҚ-қа жауапты қызметкерге тұрақты негізде БАҚ-та материалдарды жариялау бойынша және Департаменттің қызметі мен қызметкерлеріне қатысты сыни жарияланымдардың болуына мониторинг жүргізу, бөлім басшысын және Департамент басшысының жетекшілік ететін орынбасарын бақылау.

 

Мемлекеттік аудит саласындағы функцияларды іске асыру

 

 

          Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 12.11.2015 жылғы  № 392 Заңына (бұдан әрі - № 392 Заң) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 19.03.2018 жылғы № 392 Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

          Өткізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 2 259,8 млн. теңге бюджет қаражаты қамтылды, онда жалпы сомасы 1 027,4 млн. теңге немесе 45,4% бұзушылықтар анықталды.

         Бұдан басқа, облыстың құқық қорғау органдарымен мамандар ретінде тексеруге тартылған Департамент қызметкерлері 25,5 млн. теңге сомасында бұзушылықтармен 1 қорытынды берді.

          Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп белгілейтін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге және № 392 Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес, жоспардан тыс аудитке негізделетін тәуекелдерді басқару жүйелерінің негізінде тиісті жылға қалыптастырылған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

          Департамент 2025 жылдың есепті кезеңінде 7 аудиторлық іс-шара өткізді, оның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 190 081,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:

       - қаржылық бұзушылықтар 1 027 394,9 мың тенге;

       - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 1 162 686,1 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзушылықтар 1 075 013,5 мың теңге сомасына.

         Есептік кезеңде Департамент қабылданған ден қою шараларының нәтижелері бойынша жұмыстарды, қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтірілді және бухгалтерлік есеп бойынша 993 851,2 мың теңге бюджетке қайтарылды немесе 96,7% көрсетілді.

        Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 6 лауазымды тұлға тартылды, 4 лауазымды тұлғаға 1 880,4 мың теңге сомасына 38 әкімшілік іс қозғалды, олар бюджетке толық өндірілді.

          Тәуекелді жою жөніндегі ұсынымдар: Мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға аудит материалдарын уақтылы беру жөнінде шаралар қабылдау, берілген аудит материалдары бойынша шаралар қабылдау туралы ақпарат сұрату; Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының орындауға міндетті анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқаманың жобасын дайындауы; нұсқама орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда ҚРӘҚБтК сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға міндетті,                    бөлім басшылары мен Департамент басшысының орынбасарларына бақылау жасау.

 

 

Әкімшілік тәжірибе

 

          Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 722-бабына сәйкес, Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

         Осылайша, 2025 жылдың есептік кезеңінде Департаментте 75 әкімшілік хаттама тіркелді, онда жалпы сомасы 8,3 млн. теңге айыппұл салынды, толық өндірілді.

        Айта кетейік, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Департамент оларды жою туралы хабарлама жібереді.

        Тиісінше ресімделмеген жағдайлар Кодекстің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

           Департамент мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланған күнделікті сатып алу мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады. Облыс, қала, аудан мекемелерiнiң неғұрлым жиi бұзушылықтарының бiрi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде заңнаманың талаптарын сақтамау болып табылады.    

         Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер берілмейді. Яғни, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне байланысты әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуын шектеумен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беріледі.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелі - лауазымды адамның әкімшілік іс жүргізуді қозғау кезінде заңсыз шешім қабылдауы, өйткені материалдарды зерделеу үшін көбірек уақыт жұмсалады және бөлінеді, кінәлілік дәрежесін белгілеу, лауазымды адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды мәжбүрлеп жеткізу және т.б.

        Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Кодекс нормаларына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді (аудиторлық іс-шараларды, Тексеру комиссиясын, Ішкі аудит және құқық қорғау органдары қызметтерін) 2 ай мерзімде қарау, бөлім басшылары мен Департамент басшысының орынбасарларын бақылау қажет.

 

Камералдық бақылау

 

            Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 392-бабының 14 бабы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы № 434 Заңының 16-бабына сәйкес, заңнаманың сақталуына камералдық бақылауды жүзеге асырады.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30.11.2015 жылғы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу ережесінің 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, камералдық бақылау - ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде Комитет және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне бармай жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны болып табылады.

          2025 жылдың есепті кезеңінде камералдық бақылаумен жалпы сомасы 221.96 млрд. теңгеге 6602 рәсім қамтылды.

         Камералдық бақылау барысында бұзушылықтарды жою туралы 78 млрд. теңге сомасына 556 хабарлама жіберілді, есепті күнге 7,17 млрд. теңге немесе 98,0% сомасына 542 хабарлама орындалды.

          Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңда және Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау жүргізу, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

 

Сапаны бақылау

 

         Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімімен ҚБ және МА Стандарттарына және ІМА Ережелеріне ескертулермен сәйкес келетін аудиторлық материалдардың 7 жобасына 1-деңгейдегі сапасына бақылау жүргізілді.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті ҚБ және МА стандарттарына сәйкес келетін департаменттің 5 материалы бойынша 2-деңгейдегі сапасына бақылау жүргізді.

          Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» қағидаларда және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығында белгіленген тәртіппен сапаны бақылауды жүргізу және Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтау.

 

Қаржылық бұзушылықтарды талдау, қорыту, алдын алу.

         

         № 392 Заңның 33-бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізілетін мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджетті атқару, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарын қорытындылайды және зерттейді.

         Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады.

        

          Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жан-жақты зерделеп, ішкі талдауды талқылай келе, мынадай бағыттар бойынша шаралар қабылдады:

          -Департаменттің қызметі мен қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та материалдардың жариялануына және сыни жарияланымдардың болуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

       - Тәртіптік жазаларға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын түсіндіру.

         - Бөлім басшылары және Департамент басшысының орынбасарлары аудиторлық іс-шараларды, камералдық бақылауды және электрондық мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың келіп түскен өтініштерін қарау кезінде бақылауды жүзеге асыру, Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы және уақтылы орындау.

        - Департамент қызметін жинау, талдау, мониторингілеу кезінде жұмыс тобының мүшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салаларды анықтау бойынша тиісті талдау жұмыстарын жан-жақты зерделеп, ұйымдастыру.

 

Департамент басшысына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шешім қабылдау ұсынылсын.

 

Жұмыс тобының төрағасы:

Департамент басшысының орынбасары                                                    Ә.Баймағамбетов

 

Дұмыс тобының мүшелері:

 

Жоспарлау, талдау, есептілік және

сапаны бақылау бөлімінің басшысы                                                    Г.Салиева

 

Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы                                                    Е.Шардарбек

 

Қаржылық есептілік бөлімінің басшысы                                            Г.Аманжолова

 

Камералдық бақылау бөлімінің басшысы                                               Е.Беков

 

Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                   Қ.Рахимбердиев

 

 

Дата публикации
11 июля 2025