ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»» Заңын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларын және 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының Департаменттің 2025 жылғы 24 ақпандағы №47 ж/қ бұйрығы негізінде арнайы құрылған жұмысшы топ мүшелерімен жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 10 сәуірінде басталып, 22 мамырында аяқталды.
Бақыланатын кезең: 2025 жылдың қаңтар–сәуір (01.01.–10.04.2025 жж. аралығы).
Жұмыс тобының құрамы:
Топ жетекшісі – Мұсабек Азамат Мұсабекұлы;
Мүшелері: Киикбаев Алибек Болатович, Тулепбаев Сабырхан Абдигапбарович, Айменов Азамат Куанышбекулы, Меделхан Айдос Құрылысханұлы, Нурмаханқызы Балнұр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:
Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
Мүдделер қақтығысын реттеу;
Мемлекеттік қызмет көрсету;
Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
Бақылау функцияларын іске асыру;
6.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығуға мүмкін лауазымдар.
Талдамалық анықтама:
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Департамент бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмаған.
Департаменттің бекіттілген штатттық саны – 34 бірлік, 2025 жылғы 29 бірлік (ерлер – 27 адам, әйелдер -2 дам). Бос лауазымдар саны – 6 бірлік.
2025 жылдың I – тоқсанында Камералдық бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті Е. Өміртай басқа әкімшілік лауазымға конкурс нәтижесінде өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті А. Орынбек өз еркімен жұмыстан босатылды.
Аталған кезеңде 4 мемлекеттік қызметші тағайындалды:
3 қызметші жалпы конкурс нәтижелері бойынша (Б. Нурмаханқызы - Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маман м.а, С. К. Абдикаликов – Камералдық бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті, С. М. Сапаралиев - Камералдық бақылау бөлімінің жетекші маман – мемлекеттік аудитор ассистенті);
1 қызметші ішкі конкурс нәтижесі бойынша (Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы);
1 қызметші ауыстыру тәртібімен жоғары лауазымға тағайындалды (М.Б. Джумагулов - Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы лауазымынан Департамент басышысының орынбасары лауазымына).
Бос лауазымдар бойынша конкурстар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурстарына жарияланды.
2025 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша келесі бо слауазымдар бар:
Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы;
Қызметті қамтамысыз ету бөлімінің бас маман – заңгері;
Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті;
Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы;
Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудиторы;
Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті.
Басшылық лауазымдарға мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету меритократия қағидатына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте мемлекеттік аудит жүйесінде жұмыс өтілі бойынша талаптар сақталады.
Қызметкерлер мемлекеттік өткеруіне байланысты міндеттемелермен, шектеулермен және тыйымдармен таныстырылған.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері тарапынан кірістер мен мүліктік сипаттағы міндеттемелер турлы декларацияны салық органдарына тапсырмау фактілері анықталған жоқ.
2025 жылы 12 мемлекеттік қызметшіні біліктілікті арттыруға жіберу жоспарланған, есептік кезеңде қызметкерлер оқудан өтпеген.
Орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 18 жыл, лауазымдағы орташа өтіл – 4 жыл.
Қызметкерлердің еңбек және орындаушылық тәртібі, еңбек режимі мен шарттарын сақтау, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, қызметін бағалау мен оқыту персоналмен жұмыс жөніндегі маман арқылы заңнамаға сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Аудиттік іс-шараларды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және адалдықты қамтамасыз ету мақсатында, текерілетін нысанды алдын ала зерделеу кезінде мемлекеттік аудитор мен тексеру нысаны арасындағы ықтимал мүдделер қақтығысына талдау жүргізіледі.
2025 жылғы 01.01.2025-10.04.2025 жж аралығында мүдделер қақтығыс жағдайлары тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Депаратменттің ережесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсет уқарастырылмаған.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру көзделмеген.
Бақылау функцияларын іске асыру
Бөлімнің негізгі міндеті – жоспарлы және жоспардан тыс аудиттік іс-шараларды жүргізу. Аудит Жалпы стандарттарға сәйкес, барлық кезеңдерде – жоспарлаудан есепті қалыптастыру мен ұсыныстарды іске асыруға дейінгі рәсімдерді сақтай отырып жүргізіледі.
Аудиттің жүргізілу барысын тұрақты түрде Департамент басшысының орынбасры, бөлім басшысы және бас маман бақылайды. Әдістерге, қамтылатын мәселелердің толықтығына және аудит бағдарламасының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді.
Сапаны бақылау аудитті тікелей жүргізбеген, қажетті білім, тәжірибе және біліктілікке ие мамандар арқылы тәуелсіз бағалау жолымен жүзеге асырылады.
Әрбір аудит алдында топ мүжелері нұсқамамен таныстырылады.
Ұйымдастыру – басқару қызметі
Есептік кезеңде 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
2 қызметкерге (К. Муталиев, О. Оразов) – сөгіс,
1 қызметкерге (П. Мырзабеков) – өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қабылданған.
2 қызметкер өз бұзушылықтарын мойындады, біреуіне қызметтік тергеу жүргізілді. Бұйрықтар қолхатпен таныстырылды, шығымдар түскен жоқ.
ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50- бабын бұзу фактілері анықталған жоқ.
2025 жылға бекітілген Тізбеге сәйкес 29 аудиттік іс-шара жоспарланған, оның ішінде І – жартыжылдықта -9.
Бір нысан – «Ауыл шаруашылығы басқармасы» бойынша аудит аяқталу сатысында және 2025 жылғы шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
ІІІ – ІV тоқсандарда 20 іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде: сәйкестік аудиті бөлімі- 17, қаржылық есептілік аудиті бөлімі – 3.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындылары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығуы мүмкін лауазымдар:
Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы;
Бас маман – мемлекеттік аудитор;
Бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті;
Жетекші маман – мемлекеттік аудитор ассистенті.
Тәуекелдердің себептері:
Қызметкерлер құпия және коммерциялық жағынан сезімтал ақпаратқа қол жеткізе алады, оны жеке немесе бөгде мүдделер үшін пайдалану қаупі бар;
Тексерілетін объектілер бойынша аудиторлық қорытындылар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысады, бұл тараптардың мүліктік және қаржылық мүдделеріне ықпал етуі мүмкін;
Қаржылық-экономикалық мәселелерге, сондай-ақ бюджеттік және шарттық тәртіптің сақталуына тікелей әсер ететін шешімдер қабылдайды;
Тексерілетін объектілердің өкілдерімен бейресми байланыстар орнату мүмкіндігі бар (мысалы, анықталған бұзушылықтарды жеңілдету немесе жасыру мақсатында);
Ішкі бақылаудың жеткіліксіз деңгейінде қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасына асыра пайдалану тәуекелі сақталады.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 сәуірге дейін бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.