Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі
мемлекеттік аудит комитетіне прокуратура органдары қызметкерлеріне арналған
«Экономика саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың өзекті
мәселелері» тақырыбында біліктілік арттыру курсын өткізуге көмек көрсеткені
үшін алғысын білдіреді.
Заң бөлімінің бастығы Әсет Болатұлы Омаровқа және Сәйкестік аудиті
басқармасының бастығы Әсел Құрманғалиқызы Ашановаға спикерлер ретінде
қатысқаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Курсқа қатысушылар спикерлердің кәсібилігін және мемлекеттік сатып алу
саласындағы қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы берілген ақпараттың
өзектілігін жоғары бағалады.
Іс-шарада құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін анықтау, бірыңғай
саясатты, өзара әрекеттесу алгоритмін енгізу, сондай-ақ тексерулер мен аудит
жүргізу әдістерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Уәкілетті орган мен прокуратура органдарының күш-жігерін біріктіру
қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін айтарлықтай арттырады, елдегі заңдылық
пен құқықтық тәртіпті нығайтады, жүйелі проблемаларды анықтайды және
оларды жою жолдарын әзірлейді деп ойлаймыз.
Біз одан әрі ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа
үміттенеміз.
Академия ректоры: М. Сексембаев