ІМАК төрағасының 27.12.2021 жылғы № 333 бұйрығымен бекітілген МАОӨБ туралы Ереженің 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдары мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция департаменттерінің ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі – ІАҚ) қызметін үйлестіру шеңберінде ІАҚ қызметінің жиынтық-талдамалық есептік деректері ұсынылады.
ОМО, ЖАО және ДП ІАҚ -мен ұсынылған есептік деректері бойынша 2024 жылғы 9 айда 397 аудиторлық іс-шара өткізілді (2023 жылғы желтоқсанда басталған аудиторлық іс-шараларды ескере отырып), оның ішінде:
|
Сәйкестік аудиті |
Тиімділік аудиті |
Тиімділік аудиті және сәйкестік |
|
162 |
225 |
10 |
|
40,8% |
56,7 % |
2,5% |
Аудиторлық іс-шаралар шеңберінде 4 641,6 млрд. теңгелік бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылған. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 445,6 млрд. теңгелік немесе қамтылған қаражаттың 9,6% -ына Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:
|
|
Барлық бұзушылықтар |
Оның ішінде. |
Олардың ішінде есепке алу бойынша өтеуге, қалпына келтіруге және көрсетуге жататын |
Қалпына келтірілді, өтелді және есепке алу бойынша көрсетіледі |
|
|
Қаржылық бұзушылықтар |
Процедуралық бұзушылықтар |
||||
|
ОМО ІАҚ |
354 512,5 |
8 818,7 |
345 693,8 |
7 989,1 |
4 863,1 |
|
ЖАО ІАҚ |
89 731,2 |
14 459,3 |
75 271,9 |
14 459,3 |
11952,7 |
|
ПД ІАҚ |
1 315,4 |
29,6 |
1 285,7 |
29,6 |
19,1 |
|
Барлығы |
445 559,1 |
23 307,6 |
422 251,4 |
22 478,0 |
16 834,9 |
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша, аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 340 шешім (ұйғарым) ұсынымдар енгізілді (2022 жылғы желтоқсандағы аудит қорытындылары бойынша ағымдағы жылғы қаңтарда қабылданған қаржылық бақылау шараларын ескере отырып).
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 506 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 225 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 35 аудит материалы құқық қорғау органдарына берілді.
Комитеттің операциялық жоспарының «ОМО және ЖАО ішкі аудит қызметтерінің аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету» көрсеткіші бойынша аудиторлық іс-шаралар материалдарынан сәйкестік аудиті бойынша 100 пайызы және тиімділік аудиті бойынша 30 пайызы сапа бақылауымен қамтылады.
Адиторлық іс-шаралардың барлығынан 240 материал сапа бақылауы мен қамтылған, оның ішінде ОМО ІАҚ - 121, ЖАО ІАҚ- 104, ПД ІАҚ-15, оның ішінде:
|
|
«МАҚБ жалпы стандарттарына сәйкес» деп танылғаны
|
«МАҚБ жалпы стандарттарына ескертулермен сәйкес келеді» деп танылғаны |
«МАҚБ жалпы стандарттарына сәйкес келмейді» -деп танылғаны |
|
ОМО ІАҚ |
2 |
108 |
11 |
|
ІАҚ ЖАО |
5 |
83 |
16 |
|
ІАҚ ПД |
0 |
15 |
0 |
|
Барлығы |
7 |
206 |
27 |
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесі отырысының 23.06.2017 жылғы. № 3 хаттамасының 4.2.4.1-тармағын орындау мақсатында ведомстволық ақпараттық жүйені Ішкі аудит қызметтерінің есепті деректерімен толықтыруды қамтамасыз ету, оларды Қазақстан Республикасың Жоғары аудиторлық палатасы интеграциялық бірыңғай деректер базасын (БДБ) қалыптастыру шеңберінде интеграцияланған ақпараттық жүйесіне одан әрі беру жөніндегі жұмыс өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүргізіледі.
Мәселен, бүгінгі таңда ОМО және ЖАО ІАҚ-мен жүргізілген 209 аудиторлық іс-шараның 397 материалы жүйеге толық жіберіліп болды.
МАОӨБ тұрақты негізде ТБЖ/ҚБ кіші жүйесіне материалдарды енгізу мониторингін жүргізеді және қазіргі уақытта ОМО және ЖАО ІАҚ-рінің материалдары ТБЖ/ҚБ кіші жүйесіне енгізілген.
Ағымдағы жылдың 9 айында ІАҚмен 9 электрондық аудиторлық іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде Комитет ІАҚ қызметкерлерімен Электрондық аудит және сапа бақылау мәселелері бойынша Өскемен және Қарағанды қалаларында семинарлар өткізіп, оған 60- тан астам ішкі аудит қызметтерінің аудиторлары қатысты.