Комитеттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі-Комитет) төрағасының 2023 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметіндегі ішкі талдау жүргізу туралы» №349 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында Комитеттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 қазаны кезеңін қамтыды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 7 ұсынымдар берілді.

Осы ұсынымдарға сәйкес Комитет төрағасымен анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жоспары (бұдан әрі-Жоспар) бекітілді.

Бүгінгі күні, Жоспарға сәйкес 2 ұсыным бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жойылды.

Атап айтқанда,

  • «Бұзушылық тәуекелдері расталмаған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды жүргізу үшін мемлекеттік аудит объектісімен тікелей байланысқа бағытталған еңбек ресурстарын ұтымсыз пайдалануды жою» бойынша Комитет төрағасының                  2024 жылғы 31 қаңтардағы №20 бұйрығымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардаң тыс аудиторлық іс-шараларды жүргізуге арналған тапсырмаларды келісу бойынша нормативтік әдіснамасы» бекітілді.
  • Шығыс операцияларын тоқтата тұру және қайтадан қалпына келтіру процесі мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматтандырылды.

Қалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 5 ұсынымдар бойынша жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін орындау мерзімдері бар.

 

 

Дата публикации
04 сентября 2024