ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2022 жылғы 6 айы қызмет нәтижелері туралы ақпарат

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық департаменттері бойынша 2022 жылдың 6  айында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 6,5 трлн.теңгеге 314 004 мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды.

Тексеру қорытындысы бойынша 20 631 процедура бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталды.

Мемлекеттік аудит объектілерімен бұзушылықтарды жою туралы 18 925 хабарлама орындалды.

1275 аудиторлық шаралар жүргізіп, оның барысында 2,9  трлн.теңге бюджет қаражатын қамтыған.

Бұл ретте, сомасы 248,6 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

 Қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 240,1  млрд. теңгесі жойылған.    

Кемшіліктердің себептерін жоюға сондай-ақ Қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 1074 ұсыныс беріліп, олардың 783 орындалған.             

Тексерілетін объектілердің анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған нұсқамаларының орындалуы 813 құрады.

 

Дата публикации
13 июля 2022