Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының 2026 жылғы 01 сәуірдегі №17-НҚ бұйрығына сәйкес «Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-де (бұдан әрі – Департамент) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 01 сәуірден 2026 жылғы 31 наурызға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 13 сәуірден 12 мамырға дейін.

Жұмыс тобының құрамы: Талгат Айтмаханбетович Тултебаев – департамент басшысының орынбасары;

Жұмыс тобының мүшелері: Жайлау Джамбулович Шаймерденов, Жанар Адылбек, Динара Жанысовна Кемербаева, Олжас Сейтканович Байбукашев.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыт бойынша жүргізілді: Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:

Департаменттің негізгі қызметі өз құзыреті шегінде сәйкестік аудитін жүзеге асыру, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ жария мүдделі ұйымдарға, кәсіби аудиторлық ұйымдарға, аудиторлық ұйымдарға, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына және бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі кәсіби ұйымдарға профилактикалық бақылау жүргізу болып табылады.

Департаменттің бақылау блогы 4 бөлімнен тұрады:

  • Сәйкестік аудиті бөлімі, штат саны – 10 бірлік, оның ішінде: 1 бөлім басшысы, 7 бас маман – мемлекеттік аудитор, 1 бас маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті, 1 жетекші маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті.
  • Қаржылық есептілік аудиті бөлімі, штат саны – 4 бірлік, оның ішінде: 1 бөлім басшысы, 2 бас маман – мемлекеттік аудитор,
    1 бас маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті.
  • Камералдық бақылау бөлімі, штат саны – 5 бірлік, оның ішінде: 1 бөлім басшысы, 4 бас маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті.
  • Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімі, штат саны – 3 бірлік, оның ішінде: 1 бөлім басшысы, 1 бас маман – мемлекеттік аудитор, 1 бас маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті.

Талдау кезеңінде Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 40 аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 12 478 567,1 мың теңгені құрады.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 6 474 169,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар – 1 386 045,8 мың теңге;
  • рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 5 088 123,9 мың теңге.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінде қалпына келтіруге, бухгалтерлік есепте көрсетуге және бюджетке өтеуге жататын сома жалпы               7 913 906,6 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  • өтеуге – 171 918,0 мың теңге;
  • қалпына келтіруге – 1 179 560,1 мың теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетуге – 34 567,7 мың теңге немесе 100%.

Талдау кезеңінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген жауапты тұлғаларды қарау мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар жолданды, есепті күнге 73 нұсқама орындалды.

9 нұсқама бойынша орындау мерзімі әлі туындаған жоқ. 27 нұсқама бойынша: 2 материал Жетісу облысының прокуратурасына жолданды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша аудит объектілерінің 28 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департаментпен аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша аудит объектілерінің 17 лауазымды тұлғасына жалпы сомасы 2 413,8 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, оның 2 413,8 мың теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.

 

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

  1. Аудит жүргізу кезіндегі негізгі тәуекел

Аудит жүргізу кезіндегі негізгі тәуекел – аудитордың тексерілетін объектімен тікелей байланысы, бұл бейресми келісімдер жасауға, аудиторға қысым көрсетуге және тексеру нәтижелерін бұрмалауға жағдай туғызуы мүмкін.

Аудитордың аудит объектісімен байланысын азайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Департамент электрондық мемлекеттік аудитті қолдану үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Талдау кезеңінде ЭМГА қолдану көрсеткіші 25%-ды құрады, яғни 40 объектінің 10-ы электрондық аудит арқылы жүргізілді.

  1. Аудиторлық шешімдерді қалыптастыру және іске асыру кезіндегі тәуекел

Бұл тәуекел қорытындыларды «жеңілдету» немесе бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігіне алып келуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңызды аспектілерінің бірі – мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлардың тәуелсіздігі мен объективтілігін сақтау.

Департамент тарапынан «Кәсіби құзыреттілік» стандартының сақталуына ерекше назар аударылады. Бірнеше мәселе бойынша аудит жүргізуді көздейтін аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде кемінде екі аудитордан тұратын топты тарту мәселесі қарастырылады, бұл бұзушылықтарды анықтамау және аудит объектісінің мүддесін қолдау тәуекелдерін азайтады.

Сонымен қатар, аудитордың осы саладағы кәсіби тәжірибесі, біліктілігі және психологиялық үйлесімділігі ескеріледі.

  1. Аудит жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы

Мүдделер қақтығысы тексеру нәтижелерінің тексерілетін объектінің пайдасына бұрмалануына әкелуі мүмкін. Оның туындау себептері тиімді декларациялау жүйесінің болмауы және қызметкердің бір объектіге ұзақ уақыт бекітілуі болуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында аудит объектісін алдын ала зерделеу барысында белгіленген көрсеткіштермен қатар аудит объектісі мен мемлекеттік аудитор арасындағы мүдделер қақтығысы мәселесі де қарастырылады.

Сондай-ақ қызметкерді бір аудит объектісіне қайта-қайта бекітуге жол бермеу бойынша тұрақты бақылау жүргізіледі.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес аудит объектісіне шығу алдында жетекшілік ететін басшы орынбасары аудит тобы мүшелерімен, қажет болған жағдайда әрқайсысымен жеке техникалық оқу (нұсқама) өткізеді.

Талдау кезеңінде мүдделер қақтығысы туралы мәліметтер тіркелмеген.

  1. Дискрециялық өкілеттіктер тәуекелі

Бұл тәуекел лауазымдық нұсқаулықтарда «міндетті» деген сөздің орнына «құқылы» деген тұжырымдамалардың болуынан туындауы мүмкін, бұл нақты шешім қабылдау критерийлері болмаған жағдайда шешімдерді «өз қалауы бойынша» қабылдауға алып келеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында қызметкерлер арасында ішкі мемлекеттік аудит стандарттарын сақтау, бұзушылықтар сыныптауышын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ аудит қорытындыларын алқалы түрде қарау тәжірибесі қолданылады.

Талдау кезеңінде тәуекелдер анықталған жоқ.

  1. Кадрлық тәуекелдер және адами фактор

Бұл тәуекелдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің төмен деңгейінің, басшылық тарапынан қысымның және кадрлардың жеткіліксіз ротациясының салдары болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік аудитордың Әдеп нормаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен бірлесіп жоғарыда аталған нормаларды бұзудың салдарын түсіндіру бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылады.

Мемлекеттік аудиторлардың тәуелсіздігін және материалдық ынталандырылуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде лауазымдық жалақыға 70 пайыз мөлшерінде үстемеақы белгіленген.

Талдау кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі ұсынымдар мен шаралар

  • Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама нормаларын түсіндіру және зерделеу бойынша тұрақты негізде семинарлар өткізу.
  • Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту.
  • Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті қолдану үлесін арттыру.
  • Қызметкерлер арасында ротация жүргізу.

 

 

Департамент

басшысының орынбасары                                               Т. Тултебаев


Сәйкестік аудиті

бөлімінің басшысы                                                           Ж. Адылбек



Жоспарлау, талдау,

есептілік және сапаны

бақылау бөлімінің басшысы                                            Ж. Шаймерденов


Қызметті қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы                                                           Д. Кемербаева


Камералдық бақылау

бөлімінің басшысы                                                           О. Байбукашев



Дата публикации
28 мая 2026