

Қазіргі уақытта техникалық базаны және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында зерттеулерді тікелей аудан орталығында жүргізу үшін МРТ аппаратына және заманауи клиникалық-диагностикалық зертханаға арналған мамандандырылған үй-жайлар ашу қарастырылып отыр.
Сонымен қатар халықаралық триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлмесін ұйымдастырылмақ. Жобаға сәйкес онда персоналдың жедел мониторинг жүргізу үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі бар реанимациялық төсектер орналастырылатын болады. Бұл медициналық араласудың жеделдігін және медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес келтірілмек.
Халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету – Президент белгілеген Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Үкімет өңірлерге әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамытуға ресурстар бағыттайды. Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 7,5 млрд теңге бөлінді.
Атап айтқанда, Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен қосымша 1,74 млрд теңге көлемінде бірлесіп қаржыландыру көзделген. Қазіргі уақытта нысанның дайындығы 70%-ға жетті, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Балқаш қаласында қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан көпбейінді аурухана базасында ауданаралық медициналық хаб құрылады. Бұл мақсаттарға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, жалпы құны 1,27 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында ангиографиялық операциялық және қабылдау-диагностикалық бөлімшелерді орналастыру үшін қосымша корпустың құрылысы аяқталуда. Бүгінгі таңда нысан 96%-ға дайын. Сондай-ақ қаңқаны салу, инженерлік желілерді төсеу және ішкі әрлеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.
Сонымен қатар Балқашта балаларды оңалту орталығы құрылуда: бұрынғы санаторий ғимаратын қайта жабдықтау үшін 272,1 млн теңге бағытталды. Жоба стационар және амбулаториялық қабылдауды ұйымдастыруды көздейді. Реабилитологтарды, невропатологтарды, логопедтерді және ЕДШ нұсқаушыларын қоса алғанда, тар бейінді мамандардан тұратын көпсалалы команда құрылады. Бұл балаларға облыс орталығына бармай-ақ сапалы оңалтуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың ақпан айына жоспарлануда. ⚕️ Осы жобаларды жүзеге асыру өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырады. Осылайша, ангиографиялық операциялық бөлімшені іске қосу «алтын сағат» қағидасы негізінде және пациенттердің өмірін сақтай отырып, Балқаш тұрғындарына инфаркт пен инсульт кезінде шұғыл жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оңалту орталығының ашылуы тұрғылықты жері бойынша ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қалпына келтіру емін үздіксіз алуды қамтамасыз етеді.
Бас Прокурор Берік Асылов Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, Көкшетау қаласындағы «Көкше Арена» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты шараны облыс әкімі М. Ахметжанов ашты. Іс-шараға Қаржы министрі М. Такиев пен Туризм және спорт министрі Е. Мырзабосынов, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті – World Boxing ұйымының басшысы – Г. Головкин, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі танымал қазақстандық спортшы Ш.Рахмонов қатысты.
Жаңа нысан өңір тұрғындарына толыққанды дене дамуына, спортпен шұғылдануға және салауатты өмірсалтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Берік Асылов спорт кешенінің пайдалануға берілуі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстың нәтижесі әрі «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі екенін атап өтті. «Біз қайтарылған активтердің мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылауда ұстаймыз, әрбір қайтарылған теңге Қазақстанның дамуына қызмет етуі тиіс. Бұл шаралардың барлығы «Заң мен тәртіп» идеологиясына толық сәйкес келеді».
Сондай-ақ биылғы жылдың маусым айында Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын ірі спорт кешені пайдалануға берілгені айтылды.
Бас Прокурордың айтуынша, жүзеге асырылған бастамалар мемлекетке қайтарылған ресурстардың қоғам игілігіне жұмыс істеп жатқанын, спортты дамытуға және жастарды «Адал азамат» тұжырымдамасы рухында тәрбиелеуге жағдай жасап отырғанын айқын көрсетеді.
Жалпы, аталған қаражат есебінен қазіргі уақытта Ақмола облысында 42 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт нысаны бар.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған. Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.
Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасуда. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мәселен, Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында желілер реконструкциялануда. Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма және Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр.
Өңірде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жүйелі негізде жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес облыста халықты 100% ауыз сумен қамту міндеті жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету — 98%-ды, ауылдық елді мекендерде – 99,3%-ды құрайды. Жамбыл облысында барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда, оның 13-і пайдалануға берілді.
Бүгін Ордабасы ауданында 300 оқушыға арналған музыка өнері мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
Мектеп мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынды және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі болып табылады.
Ашылуға Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдері қатысты.
Заманауи талаптарға сай салынған жаңа білім беру мектебі балаларға сапалы музыкалық білім алуға мүмкіндік береді, дарынды балаларды халықаралық конкурстарға даярлауға жағдай жасайды, сондай-ақ өңірдің мәдени әлеуетін нығайтады.
Мектепте домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да музыкалық аспаптарды үйретуге арналған заманауи, арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған.
«Біз көктемде құрылысты бастап, уақыт капсуласын салдық, ал бүгін, небәрі сегіз айдан кейін, құрылыс жұмыстарының қаншалықты жылдам және сапалы аяқталғанына куә болып отырмыз», – деп атап өтті Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков.
Қазіргі уақытта қайтарылған активтер есебінен Үкіметпен еліміздің түрлі өңірлерінде 434 әлеуметтік нысан іске асырылуда, олардың 30-ы Түркістан облысында орналасқан.
Бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде халықты үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету үшін энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат Қостанай, Жітіқара, Арқалық қалаларын жылумен жабдықтау және Рудныйды сумен жабдықтау нысандарын жөндеуге бағытталды.
Қостанай қаласының ЖЭО бас бу құбырын реконструкциялауға 188 млн теңге бағытталды. Бұл нысан 1955 жылы пайдалануға берілген.
Бу құбырына соңғы ішінара жөндеу 2012 жылы жүргізілген. Жаңғырту қысқы кезеңде ЖЭО жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жітіқара қаласында 11 шағын ауданда жылу желілерін жөндеуге 389 млн теңге бөлінді, оның 269 млн теңгесі Ы. Алтынсарин көшесі және 205 млн-ы Жібек Жолы көшесі бойынша. Бұл жылу желілері 183 көппәтерлі үй, 2,5 мың аз қабатты үймен қатар, қала құрылысының едәуір массивтерін қамтиды. Жылу энергиясын тұтынушылардың жалпы саны 15,5 мың абонентті құрайды.
Жалпы, қаланың жылу желілерінің ұзындығы 78 шақырым, оның ішінде магистральдық желілері – 7,53 шақырым.
Сондай-ақ жұмыстар Арқалық қаласында да жүргізілуде, онда жылу желілерін реконструкциялау бойынша жобаның үшінші кезегін жүзеге асыруға шамамен 645 млн теңге бағытталды. 2025 жылға есептеулерге сәйкес жалпы ұзындығы 10 шақырым болатын 1,6 шақырым желіні жаңарту жоспарлануда. Бұл желіге жалпы білім беретін мектеппен қатар 300 абонент қосылған.
Рудный қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау жобасы 500 млн теңгеге қаржыландырылды. Атап айтқанда, қаражат 1978 жылы пайдалануға берілген қаланың №2 сүзгі стансасын жаңғыртуға жұмсалады. Жоба Рудный қаласын, Қашар және Горняцк кенттерін, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандарды — барлығы 122 мыңнан астам адамды үздіксіз және сапалы сумен жабдықтауды, сондай-ақ жылыту маусымының апатсыз өтуін қамтамасыз етеді.
Үкімет қабылдаған жаңғырту шаралары өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды едәуір нығайтуға, жылу және сумен жабдықтау нысандарының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға, тұрғындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен және сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025 жылғы қарашада Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің өкілдері серіктестікті нығайту мақсатында бірқатар халықаралық іс-шараларға: ресми кездесулерге, семинарлар мен конференцияларға қатысты.
Іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, активтерді қайтару және оларды қайта пайдалану тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеуде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне арналды.
Шетелдік құзыретті органдардың спикерлері мен халықаралық сарапшылар қылмысқа қарсы күрестегі табысты кейстермен және тиімді өзара іс-қимыл тәсілдерімен бөлісті.
Комитет өкілдері ведомство жұмысының нәтижелерін таныстырып, қайтарылған қаражаттың ел дамуына бағытталуы жөнінде ақпарат берді.
Ел бойынша әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, мектептер, ауруханалар және өзге де нысандардың құрылысы мен жаңарту жұмыстарына активтерді қайта инвестициялау тәжірибесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізіліп отырған іс-шаралар активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және озық тәжірибемен алмасуға ықпал етеді.
Бас прокуратураның
Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
Бас прокуратурада Қазақстан мен Литваның бас прокурорлары Берік Асылов пен Нида Грунскене арасындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қылмыстың өзекті түрлеріне, соның ішінде оның трансұлттық нысандарына, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылға, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік саласына қатысты мәселелерді талқылады.
Өз сөзінде Бас Прокурор Б.Асылов екіелдің де ортақ сын-қатерлер мен қауіптерге тап болып отырғанын, олардың көп жағдайда келісілген шешімдер мен қылмыстық қудалау саласындағы жедел ақпарат алмасуды талапет етінін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында цифрлық құралдарды пайдалану мәселелеріне де назар аударылды. Атап айтқанда, қазақстандық тарап литвалық әріптестері неіздестірудегі тұлғаларды анықтауға, сот шешімдерінің орындалуын бақылауға, сондай-ақ қадағалау қызметінде жасанды интеллектті қолдануға мүмкіндік беретін технологиялармен таныстырды.
Активтерді қайтару мәселелерін талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Тараптар халықаралық ынтымақтастықтың тұрақты тетіктерін нығайтудың және деректер алмасуды жетілдірудің қажеттілігін растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласындағы практикалық әріптестіктің құқықтық негізін күшейтетін ведомствоаралық Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар қол жеткізілген өзара байланыстар деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша оларды әрі қарай дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Үкімет Мемлекет басшысының өңірлік көлік хабтарын дамыту және әуе қатынасы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Балқаш қаласының әуежайын реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 945 млн теңге бөлді.
Нысанды реконструкциялау жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әуе айлағының негізгі параметрлерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өткізу қабілеті 30%-дан астамға артады.
Қазіргі уақытта жұмыстардың едәуір көлемі орындалған. Атап айтқанда, әуежайдың негізгі ғимараты мен қосалқы нысандарының шатыры жөнделіп, терезелер орнатылып, кәріз жүйесі және су құбырының негізгі желісі жаңартылды. Сондай-ақ кәріз-сорғы стансасы, трансформаторлық қосалқы станса, желдету және жылыту жүйелері орнатылды.
Сонымен қатар әуежай қызметін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте қажетті арнайы аэродром техникасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аэродромдық өрт сөндіру көлігі, жылжымалы трап, шағын автобус және аэродромға арналған жанармай құю көлігі сатып алынған.
Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде авиациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды. Ол Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбеде және басқа да ірі қалалардағы жетекші әуежайларды мультимодальды хабтарға айналдыру үшін ауқымды жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар негізгі туристік аймақтарда (Қатонқарағай, Зайсан, Кендірлі) жаңа әуежайлар салу және өңірлік әуе айлақтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі міндеттер – халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету және ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Арнаулы мемлекеттік қордан барлығы 27 жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген.
Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде 11 сумен қамту жобасы бар, олардың іске қосылуы ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуды кеңейтіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 16 жоба ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға бағытталған. Олардың қатарында Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер құрылысы бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарының ашылуы ауыл тұрғындарын білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, аудандық ауруханалардағы жүктемені азайтады.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 15 жоба толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі, ал қалған екеуін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.