
Бас прокуратураның Активтерді қайтаружөніндегі комитетінің өкілі ағымдағыжылдың ақпан айында Ғазиабад қаласында(Үндістан) INTERPOL-дың Ғаламдық желісінің мүшесі болып табылатынҮндістанның Орталық тергеп-тексеру бюросы академиясы (CBI Academy) ұйымдастырған тренингке қатысты.
Аталған іс-шараға Алжир, Бахрейн, Үндістан, Филиппин, Кувейт, Мальдив, Моңғолия, Суринам және Оңтүстік Африка Республикасының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Тәжірибелі сарапшылар дәріс оқып, банк және сақтандыру саласындағы алаяқтық істерін, сондай-ақ криптовалюта нарығы мен қор биржасындағы операциялармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексерудің озық әдістерімен бөлісті.
Ақшаны жылыстатуға және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ активтерді қайтару және мүлікті тәркілеу тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұл тренинг экономикалық қылмыстармен күрес саласында тәжірибе алмасу, құқықтық тетіктерді жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.