Қазақстан ИНТЕРПОЛдың «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» пилоттық жобасына қатысады

Қазақстан ИНТЕРПОЛдың «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» пилоттық жобасына қатысады

ИНТЕРПОЛ Италияның сұрау салуы бойынша алғаш рет қылмыстық топтың жоғары лауазымды мүшесіне тиесілі активтер туралы «Күміс хабарламаны» іске қосты.

Бұған дейін хабарланғандай, бір жыл бұрын Қазақстан Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің атынан ИНТЕРПОЛдың «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» пилоттық жобасын енгізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірген болатын.

Жобаның қатысушылары қатарында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Қытай, Франция, Швеция, Италия, Кувейт, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Катар, Ресей, Сингапур, Испания секілді 50-ден астам ел бар.

Бұл құрал жалпы ИНТЕРПОЛдың құрамына кіретін 196 мемлекет арасында заңсыз иемденілген активтер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Оның көмегімен заңсыз иемденілген активтерді, оның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктер мен ақша қаражатын бақылауға, сәйкестендіруге және олар туралы мәліметтерді алуға болады.

ИНТЕРПОЛ бұрын негізінен іздеуде жүрген тұлғалар туралы ақпаратты тіркеген болса, ендігі уақытта негіздер болған жағдайда әлем бойынша түрлі қудалау шараларына ұшырайтын активтерге назар аударатын болады.

Интерпол жариялаған мақалаға сілтеме: https://www.interpol.int/News-and-Events/News/2025/INTERPOL-publishes-first-Silver-Notice-targeting-criminal-assets