
Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.
Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.