
Желтоқсанның 16-сы мен 18-і аралығында Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің өкілдері «Құқықтық қатынастардың трансұлттық аспектілері: заманауи сын-қатерлер мен мақсаттар» халықаралық конференциясына қатысты.
Оған Түрік Әділет академиясы, Өзбекстан Республикасы Әділет академиясы және Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Жоғары судьялар мектебі, Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Әділет академиясы мен Жоғарғы Сот жанындағы Жоғары әділет мектебінің өкілдері қатысты.
Экологиялық құқық бұзушылықтармен күресудің ұлттық және халықаралық тетіктеріне арналған сессияны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев жүргізді.
Іс-шара барысында Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің өкілі «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» негізгі ережелері, ведомствоның қызмет бағыттары және осы саладағы тәжірибесі туралы айтты.
Конференцияда активтерді қайтарудың тиімділігін арттыру, экологиялық құқық бұзушылықтармен күресу, трансұлттық қылмыстардың құрбандарын қорғау және коммерциялық құқық саласындағы түркі тілдес елдер үшін заңнамалық базаны әзірлеу мәселелері талқыланды.
Бұл іс-шара тәжірибе алмасу және құқықтық тетіктерді жетілдіру жолдарын талқылау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болды.