Қоғам өкілдері активтерді қайтару мәселелерін талқылады

Қоғам өкілдері активтерді қайтару мәселелерін талқылады

Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның мүшесі Б.Нұрғазиеваның бастамасымен активтерді мемлекетке қайтару мәселелерін талқылауға арналған «ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының отырысы өтті.

Отырысты модератор мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы – Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның мүшесі А. Байменов жүргізді.

Іс – шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Стамбеков, Экономикалық саясат институтының директоры – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қ.Арыстанбеков, Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Сүйіндіков, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қ. Мұқаш, 20 өңірлік Азаматтық Альянстың көшбасшылары мен өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ сарапшылар: саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және экономистер қатысты.  

Іс-шара барысында активтерді қайтару жөніндегі жұмыстың ағымдағы нәтижелері, мемлекет пен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері іске асыратын әлеуметтік жобалар, сондай-ақ қайтарылған активтерді тиімді басқару мәселелері талқыланды.

Сарапшылар активтерді қайтару, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстың түрлі аспектілері бойынша пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін әлеуметтік және инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Отырыс белсенді пікірталаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар бір-біріне бірқатар сұрақтар қойып, іс-шара тақырыбы бойынша пікір білдірді.

«ҰСТАНЫМ» пікірталас клубы қоғамды қызықтыратын өзекті мәселелерді талқылау мақсатында сарапшыларды, ғалымдарды, шығармашылық зиялы қауым мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіру негізінде құрылған диалог үшін ашық алаң болып табылады.