
Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің өкілі Париж қаласында (Франция) CARIN Ассамблеясының 20-шы жалпы жиналысына қатысты.
Аталған шараға Еуропа, Солтүстік және Латын Америкасы, Австралия, Азия және Африка елдерінің активтерін қайтару жөніндегі шетелдік кеңселердің байланыс офицерлері, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері де атсалысты.
Іс-шара барысында қайтарылған активтерді қайтару және басқару, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, ақпарат алмасу, сауалдар мен халықаралық тергеу тапсырмалары талқыланды.
Жиналыс алаңдарында Активтерді қайтару туралы Заңның негізгі ережелері және жұмыстың ағымдағы нәтижелері таныстырылды.
Сондай-ақ Ұлыбритания, Франция, Италия, Лихтенштейн, Люксембург, Мэн аралдары, Джерси, Гернси және басқа елдердің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.
Шетелдік юрисдикциялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және активтерді қайтару және басқару саласындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.
Айта кету керек, 2025 жылы осыған ұқсас 21-ші CARIN жиналысы Гаага қаласында (Нидерланды) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің төрағалығымен өтеді.