
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп қаржылық тергеу саласында OSINT ашық көздерін барлау бойынша үш күндік семинарды ұйымдастырды.
Оқыту Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының алаңында өткізілді.
Оған Бас прокуратура, Активтерді қайтару жөніндегі комитеті, Академия, Бас көлік және Бас әскери прокуратура және Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және олардың активтерді қайтарудың заманауи тәсілдерін игеруіне бағытталған.
Еуропа елдерінің халықаралық сарапшылары заңды және жеке тұлғалар туралы құжаттарды, бағалы қағаздар мен басқа да активтердің иелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ ашық дереккөздерді пайдалану арқылы жарияланымдар мен журналистік тергеу нәтижелерін іздеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық мысалдар арқылы қатысушылар заңсыз сатып алынған активтерді анықтауды, оларды тәркілеу шараларын қолдануды, сондай-ақ тергеуге қатысты әртүрлі деректер көздерін талдауды үйренді.
Алынған білім қызметкерлердің әлеуетін нығайтуға және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері бойынша қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Комитет дамыған елдердің озық тәжірибесі мен тәжірибесін зерделеу арқылы өз қызметкерлерінің дағдыларын одан әрі жетілдіруге ұмтылатын болады.
Айта кетейік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін виртуалды активтер бойынша курстың екі модулі ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында сәтті өткізілді.