
Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің өкілі а.ж. 30 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Сидней қаласында (Австралия) Азия-Тынық мұхиты өнірінің активтерді қайтару ARIN-AP ведомствоаралық желісінің 9-шы отырысына қатысты.
Іс-шараға Сингапур, Моңғолия, Үндістан, Жаңа Зеландия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Индонезия, Жапония және Австралия өкілдері де атсалысты.
Отырыста қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелері, сондай-ақ активтерді қайтару әдістері қаралды.
Қатысушылар осы салалардағы нақты қылмыстық және азаматтық істерді талқылап, табысты тәжірибелерін ортаға салды.
Сонымен қатар, қатысушы делегаттар Комитеттің Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын іске асыруға бағытталған ағымдағы жұмыстары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі және қайтарылған активтерді басқару туралы жан-жақты хабардар етілді.
Іс-шара аясында Малайзия және Вьетнам өкілдерімен тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізілді.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыс жалғасуда.