Астанада виртуалды активтерді қылмыстық пайдалануды тергеу бойынша екінші семинары өтті

Астанада виртуалды активтерді қылмыстық пайдалануды тергеу бойынша екінші семинары өтті

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің бастамасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы виртуалды активтерді қылмыстық пайдаланудың алдын алу және тергеу туралы үш күндік семинар өтті.

Виртуалды активтер курсының бірінші модулі ағымдағы жылдың қыркүйегінде сәтті өткізілді.   

Семинарға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері қатысты.

Халықаралық сарапшылар Михаил Громек (Швеция), Роман Биеда (Польша) және Грета Баркаускене (Литва) виртуалды активтерді қылмыстық пайдалануды тергеу, блокчейндегі қаражатты қадағалау, сондай-ақ ақшаны жылыстатудың алдын алу тәжірибесі жайлы кеңірек атап өтті.

Практикалық мысалдар арқылы қатысушылар крипто активтерді қадағалау, бақылау және тоқтата тұруды үйренді, сондай-ақ биткоинның жұмыс механизмімен танысты.

Оларға курстарды сәтті аяқтау туралы сертификаттар табысталды.