Басқарушы компанияға 87 млрд теңге көлеміндегі активтер берілді

Басқарушы компанияға 87 млрд теңге көлеміндегі активтер берілді

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмысы аясында Қайтарылған активтерді басқару компанияның теңгеріміне 87 млрд теңгеден астам сомаға мүлік тапсырылды.

Активтерді ерікті түрде қайтару туралы жасалған келісімдер нәтижесінде ел ішіндегі құны 41 млрд теңгеден асатын 33 актив берілді.

Олардың ішінде 3 әкімшілік ғимарат, 2 коммерциялық үй-жайлар, қонақ үй кешені, бизнес-орталық, тұрғын үй, өндірістік база, жер телімдері, акциялар және кәсіпорындардағы үлестер бар.

Жасалған процестік келісімдер мен сот шешімдерінің нәтижелері бойынша шамамен 46 млрд теңгені құрайтын 211 актив қайтарылды.

Олардың ішінде 2 вилла, 2 бизнес-орталық, 3 тұрғын үй, 10 пәтер,     4 коммерциялық үй-жайлар, 10 тұрғын емес үй-жайлар, 2 люкс санатындағы автокөлік және брендтік зергерлік бұйымдар бар.

Мүліктің бір бөлігі Ресей Федерациясы, БАӘ, Түркия және Франция сияқты елдерден қайтарылды.

Айта кету керек, активтерді қайтару ерікті немесе мәжбүрлі түрлерінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Ерікті түрде қайтару заңсыз жолмен алынған активтердің барлығын немесе бір бөлігін мемлекетке берілуін қамтиды.

Мәжбүрлі түрде қайтару Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерінің сот актілері негізінде, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда