
Ағымдағы жылғы 24-27 қыркүйек аралығында Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің өкілі Бейжің қаласында (Қытай) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының жаһандық жедел желісінің (Globe Network) бесінші пленарлық отырысына қатысты.
Отырысқа әлемнің 87 елінен 325 құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара аясында «GlobE» желісінің басқарушы комитетінің төрағасын, оның орынбасарын және жаңа мүшелерінің сайлауы өтті.
Қылмыскерлерге баспана беруден бас тарту және желі мүмкіндіктері арқылы олардың қылмыстық активтері туралы ақпарат алу мәселелері бойынша тақырыптық пікірталастар өткізілді.
Комитет өкілі заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ҚХР және БАӘ делегацияларымен екіжақты кездесулерді өткізді.
Отырыс барысында Сауд Арабиясы, Франция, Испания, Португалия, Румыния, Сербия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Вьетнам және Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдарының өкілдерімен ұрланған активтерді іздеу, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін қолданыстағы арналар мен желілерді пайдалану бойынша тұрақты өзара іс-қимыл орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.
Отырыс активтерді заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл құралдарын жетілдіру бойынша практикалық тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.