
2024 жылғы 18-19 қыркүйек аралығында Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің өкілі Белград қаласында (Сербия) айыптау үкімін шығармай және кеңейтілген тәркілеуді қолданбай активтерді тәркілеу мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шарада айыптау үкімінсіз активтерді тәркілеудің өзекті мәселелері, құқықтық аспектілері, заңсыз алынған активтерді кеңейтілген тәркілеуді қолдану тәжірибесі, сондай-ақ қаржылық қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе мен ынтымақтастық тетіктері талқыланды.
Конференция аясында Молдованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Болгария Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның, Армения Бас прокуратурасының және жаңа Болгария университетінің өкілдерімен тұрақты өзара іс-қимыл орнату тұрғысынан келіс сөздер жүргізілді. Бұл конференция тәжірибе алмасу және активтерді тәркілеудің құқықтық базасы мен тәжірибесін жетілдіру жолдарын талқылау үшін маңызды платформаға айналды, бұл активтерді заңсыз шығаруға қарсы күресте халықаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал ететін болады.