Балқан ведомствоаралық желісінің жыл сайынғы жиналысына қатысу туралы

Балқан ведомствоаралық желісінің жыл сайынғы жиналысына қатысу туралы

2024 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Қайтарылған активтерді басқару компаниясының өкілдері Струга қаласында (Солтүстік Македония) активтерді басқару жөніндегі Балқан ведомствоаралық желісінің жыл сайынғы жиналысына қатысты. Іс-шараға 24 мемлекеттің ұлттық басқармалары мен активтерді қайтару және басқару департаменттерінің өкілдері (желі мүшелері мен бақылаушылары) қатысты.

Отырыс шеңберінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері мен тетіктері, сондай-ақ Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің жұмысы жарияланды. Комитет өкілінің презентациясы жиналысқа қатысушылар тарапынан оң қабылданды. Кездесу барысында виртуалды активтерді тәркілеу және басқару, сондай-ақ өзара іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қатысушылар шетелде мүлікті тиімді анықтау және тыйым салу үшін активтерді іздестіру және ақпарат алмасу кезінде қатысушы елдердің ведомствоаралық ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.