
Бүгін Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен қалалық сенбілікке қатысты. Мұндай іс-шараларға қатысу – әрбір қызметкердің экологияны жақсартуға және қаланың тазалығын сақтауға қосқан үлесі. Осындай шаралар қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, ұжымды біріктіруге де көмектеседі. Комитет қызметкерлері алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қолдайтын болады.