
Астанада виртуалды активтерді қылмыстық пайдаланудың алдын алу және тергеу бойынша семинар аяқталды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылары қатысушыларды блокчейн технологиясымен таныстырып, виртуалды активтерді қадағалау бойынша практикалық мысалдарды және олардың қолданылуына қатысты тақырыптық зерттеулерді көрсетті.
Қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды. Аталған іс-шараның жалғасында Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті. Тараптар активтерді қайтару саласында бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу және іске асыру бойынша алдын ала келісімге келді.
Комитет қызметкерлерінің біліктілігінарттыру бойынша іс-шаралардың, оның ішінде тәжірибе алмасу үшін сапарлар ұйымдастыруды, сондай-ақ шетелдік сарапшыларды тарта отырып семинарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдеріне алғысын білдіріп, тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге дайын екенін растады.