
Бүгін Астанада виртуалды активтерді қылмыстық пайдаланудың алдын алу және тергеу бойынша семинары басталды.
Бұл шара Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің бастамасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ұйымдастырылған.
Оған прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет және қаржылық мониторинг органдарының 24 қызметкері қатысуда.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсе басшысының орынбасары Юрий Фенопетов пен Комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков сәлемдесу сөзін сөйледі.
Спикерлер ретінде халықаралық сарапшылар Михал Громек, Роман Биеда және Фабиан Джилла шақырылды, олар виртуалды активтер арқылы ақшаны жылыстатудың алдын алу және интернет-алаяқтық істерін тергеудегі табысты тәжірибелерімен бөлісіп блокчейндегі қаражатты қадағалау мәселелерін жариялайды.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі.