
Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігі Елшілігінің Аса Мәртебелі Елші Чатчаван Сакорнсин басқарған делегациясымен кездесу өтті.
Жиын барысында ведомствоның басшысы Нұрдәулет Сүйіндіков «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның негізгі ережелері мен Комитет жұмысының нәтижелерін жариялады.
Тараптар құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін, оның ішінде Комитет пен Таиланд Корольдігінің құзыретті органдары арасында екіжақты құжат жасасу арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады.
Өз кезегінде Елші мырза екі мемлекеттің бейінді ведомстволары арасында тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүдделі екеніндігін білдіріп, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайындығын хабарлады.