Финляндия және Скандинавия елдерінің құқық қорғау органдарымен активтерді қайтару саласындағы өзара іс-қимылы туралы

Финляндия және Скандинавия елдерінің құқық қорғау органдарымен активтерді қайтару саласындағы өзара іс-қимылы туралы

А.ж. 21 тамызында Активтерді қайтару жөніндегі комитет өкілдері  Финляндия және Скандинавия елдерінің (Швеция, Норвегия, Дания, Исландия) кеден және полиция байланыс офицері Антти Луукконен мырзамен кездесу өткізді.

Комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстан Республикасында активтерді қайтару бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы, сондай-ақ, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын іске асыру және жалпы Комитеттің қызметі туралы ақпарат берді.

А.Луукконен мырза, өз кезегінде, қатысушыларды Финляндия мен Скандинавия елдерінің кедендік құқық бұзушылықтармен күресу, қылмыстық кірістерді қадағалау және қайтару жөніндегі мемлекеттік органдарының жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар, тәжірибе және озық тәжірибе алмасу бөлігінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ активтерді қайтару саласында тиімді ақпарат алмасуды орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға өзара қызығушылық танытты.