Активтерді басқару бойынша Балқан ведомствоаралық BAMIN желісіне қосылу туралы

Активтерді басқару бойынша  Балқан ведомствоаралық BAMIN желісіне қосылу туралы

Қазақстан Республикасының атынан Активтерді қайтару жөніндегі комитет активтерді басқару бойынша Балқан ведомствоаралық BAMIN желісінің бақылаушысы мәртебесіне ие болды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің және Қайтарылған активтерді басқару компаниясының өкілдері байланыс офицерлері болып анықталды.

Бұл желінің мақсаты - қылмыстық жолмен алынған активтерді басқару мен өткізудің тиімділігін арттыру.

Қазіргі кезде оның құрамында Батыс Балқан елдерінің активтерін басқару жөніндегі 26 бюро бар.