2024 жылғы 20 және 21 мамырда Ташкент қаласында (Өзбекстан) БҰҰ ЕҚБ және ЕҚЫҰ бастамасымен ұрланған активтерді қайтарудың тиімді стратегияларына арналған халықаралық конференция өтті.
Оған Активерді қайтару жөніндегі комитеттің делегациясы қатысты.
Өзбекстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары С.Артыкова ханым, БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы аймақтық өкілі А.Миттал ханым, ЕҚЫҰ бөлім басшысы С.Рюханен мырза және StAR Бастамасының сарапшысы Г.Кронье ханым алғы сөз сөйледі.
Орталық Азия елдерінің құзыретті органдарының өкілдері ұрланған активтерді қайтару саласындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстандық делегация қатысушыларды «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң қабылданып, Активтерді қайтару жөніндегі арнайы уәкілетті орган құрылғаны туралы мәлімдеді.
Конференция барысында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау кезінде крипто-активтерді пайдаланудың, оларды анықтау мен қадағалаудың әлемдік тенденциялары, Орталық Азия елдерінің заңнамалық және институционалдық жүйелерінің ақшаны жылыстату үшін виртуалды активтерді пайдаланумен байланысты қиындықтарға дайындығы талқыланды.
БҰҰ ЕҚБ/Дүниежүзілік банктің StAR Бастамасының қызметкері Э.Гопала-Кришнан ханым активтерді қайтару туралы мәліметтерді жинау саласындағы прогресс пен тиісті дерекқорды іске қосу туралы айтты.
БҰҰ ЕҚБ мен ЕҚЫҰ өкілдері Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлықпен күресуге және ұрланған активтерді қайтаруға бағытталған бастамаларын қолдауға дайындық білдірді.