БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Қазақстанның прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және активтерді қайтару курстарына қатысуы туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Қазақстанның прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және активтерді қайтару курстарына қатысуы туралы

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Будапешт қаласындағы (Венгрия) Халықаралық құқық қорғау органдары академиясының базасында АҚШ-тың Әділет департаментінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сериясы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және активтерді қайтару» тақырыбында курстар өткізілді.

Оған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Активерді қайтару жөніндегі комитеттің және аумақтық прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.

Курстың негізгі мақсаты - тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.

Дәріскерлер ретінде прокурорлар мен ФТБ агенттері сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және активтерді қайтару саласындағы ақпаратпен бөлісті.

Қатысушы елдер сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудегі оң тәжірибелерімен таныстырды және халықаралық көмек алу мысалдарын келтірді.

Курстың сәтті аяқталғаны туралы сертификаттар берілді.

 

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Активтерді қайтару жөніндегі комитеті