Комитет делегациясының ЕҚЫҰ отырысына қатысуы туралы

Комитет делегациясының ЕҚЫҰ отырысына қатысуы туралы

Ағымдағы жылғы 10 сәуірде Венада (Аустрия) ЕҚЫҰ-ның Экономикалық-экологиялық комитетінің «Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі қиындықтар мен мүмкіндіктер және цифрлық құралдарды тиімді пайдалану арқылы активтерді қайтаруға жәрдемдесу» тақырыбындағы отырысы өтті.

Спикерлердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Сүйіндіков сөз сөйледі.

Ведомство басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңмен және Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің қызметімен таныстырды.

ЕҚЫҰ-ның елеулі үлесін атап өтіп, активтердің пайда болуы туралы мәліметтерді іздеу, жинау, өңдеу және талдау, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырудағы жетістіктер туралы ақпаратпен бөлісті.

Осы сапар аясында ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызметі жөніндегі үйлестірушісі Бакыт Джусупов мырзамен және               ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіптерге қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші Елена Купчина ханыммен екіжақты кездесу өтті.

Тараптар активтерді қайтаруды қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде Қазақстанда және Орталық Азияда активтерді қайтару саласындағы кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті