Нидерланды Корольдігінің Астанадағы Елшілігінің және Лейден заң мектебінің профессоры Пинард Олчер ханымның қолдауымен Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің өкілдері үшін онлайн-тренинг жүргізілуде. Іс-шараның өту ұзақтығы - 1 ай.
Алдағы уақытта өткізілетін тренингтерге Индонезияның прокуроры (chief prosecutor) Юсфидли Адхяксан мырза, Павии университетінің (Италия) докторы Адриано Мартуфи мырза, Португалияның бұрынғы судьясы және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың профессоры Пауло Пинто де Альбукерке мырза қатысады деп жоспарлануда.
Іс-шараның бірінші күні профессор Ольчер «Еуропа Кеңесінің юрисдикциясындағы адам құқықтары саласындағы арнайы (жазалау) рәсімдері/шаралары мен стандарттары» тақырыбында дәріс оқыды.
Курс Еуропалық Одақтың қылмыстық сот төрелігін, Индонезия Республикасының активтерді қайтарудағы оң тәжірибесін және адам құқықтары саласындағы активтерді қайтарудағы ең төменгі стандарттарын зерделеуге арналады.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Активтерді қайтару жөніндегі комитеті