2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды.
Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссияның жаңартылған құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы Бәшімов кірді.
Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды, оларға қатысты Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық активтер әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Комиссияның жұмысы жалғасуда.
#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі