Еуропа Кеңесі өкілдерімен кездесу туралы

Еуропа Кеңесі өкілдерімен кездесу туралы

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде а.ж. 27 наурызда Қылмыспен күрес департаментінің Экономикалық қылмысқа қарсы күрес және ынтымақтастық департаментінің басшысы Мұстафа Ферати мырза бастаған Еуропа Кеңесінің делегациясымен кездесу өтті.

Тараптар деректерді іздеу, жинау және талдаудың заманауи цифрлық технологияларын енгізу мәселелерін, сондай-ақ тәжірибелі халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Комитет қызметкерлері үшін тренингтер ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Еуропа Кеңесінің өкілдері бұл бастамаларды жүзеге асыруға көмектесуге дайындық білдірді.

Сонымен қатар, Еуропа Кеңесі тәжірибе алмасу және активтерді қайтару саласындағы жүйені жетілдіру мақсатында а.ж. мамыр айының соңында қазақстандық делегацияның Нидерланды мен Бельгияға сапарын ұйымдастыруда.

Бұл іс-шара өзекті мәселелерді талқылауға және жемісті ынтымақтастықтың жаңа әдістерін орнатуға бірегей мүмкіндік береді.

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері бойынша өзара әрекеттер туралы бірлескен жоспар әзірлеу және іске асыруға қатысты алдын ала келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның қылмыстық сот ісі саласындағы Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу нәтижесінде жоғарыда көрсетілген шараларды жүзеге асыру бойынша нақты жоспарлар белгіленді.

 

 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті