А.ж. 21-22 наурыз аралығында Рим қаласында (Италия) Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің өкілдері Интерполдың жұмыс тобының 4-ші отырысына қатысты.
Қазақстан жұмыс тобының мүшелігін а.ж. ақпан айында алды (барлығы 36 қатысушы ел).
Отырыстың мақсаты - активтерді іздеу және қайтару үшін жаңа «Күміс бюллетень» және «Күміс хабарлама» атты құралды енгізу мәселесін қатысушы елдермен келісу.
Интерполдың Атқару комитеті отырыс нәтижелерін мақұлдаған жағдайда, жоба 2025 жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Активтерді қайтару жөніндегі комитеті