Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінде БҰҰ ЕҚБ Киберқылмыс жөніндегі Жаһандық бағдарламасының кеңесшісі Алексей Фещенкомен кездесу өтті.
БҰҰ ЕҚБ кеңесшісін қарсы ала отырып, Комитет төрағасы заңсыз алынған активтерді, оның ішінде криптоактивтерді іздеу, анықтау, алып қою және қайтару саласында жедел техникалық көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді.
Кездесу барысында Комитеттің криптовалюталармен байланысты істерді тергеу, цифрлық дәлелдемелер алу және үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша талдау жүйелерін құру саласындағы әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде Фещенко мырза шет елдердің озық тәжірибесіне назар аудара отырып, тәжірибелі халықаралық сарапшылардың қатысуымен нақты жағдайларға негізделген практикалық тренингтерді ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар цифрлық активтерді іздеу және тергеу саласындағы ынтымақтастық және криптоактивтерді анықтау және табу бойынша аналитикалық құралдарды зерделеу және енгізу бойынша тәжірибе алмасу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, тараптар көшпелі тренинг өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Активтерді қайтару жөніндегі комитеті