Комитеттің GlobE желісіне қосылуы туралы

Комитеттің GlobE желісіне  қосылуы туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының ғаламдық жедел желісіне (GlobE Network) Қазақстан Республикасынан желінің қосымша мүшесі ретінде қосылды.

GlobE Network - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибешілердің жаһандық қауымдастығы. Желінің басты ерекшелігі - қауіпсіз байланыс платформасы арқылы ақпарат алмасу.

         Қазіргі уақытта платформада 73 елден 165 қолданушы бар және негізінен сыбайлас жемқорлық істеріне қатысты ақпарат алмасу және өзара құқықтық көмекті жеңілдету, сондай-ақ серіктестермен байланыс және басқа да ресми ынтымақтастық процестерін орнату үшін пайдаланылады.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі

комитеті