Активтерді қайтару жөніндегі комитет Еуропа Кеңесі делегациясымен өткен кездесу туралы атап өтті

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Еуропа Кеңесі делегациясымен өткен кездесу туралы атап өтті

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Орталық Азиядағы экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, ашықтық және қолдау көрсету жобасының жетекшісі Юджэл Ердуран мырза бастаған Еуропа Кеңесінің делегациясымен кездесті.

         Кездесу барысында Активтерді қайтару саласындағы тиімділікті арттыру үшін IT-технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Н.Сүйіндіков ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу және алмасу бойынша бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін соңғы технологияларды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Еуропа Кеңесі өкілдерімен Комитетті цифрлық шешімдермен және құралдармен қамтамасыз етуге қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін консультативтік, қаржылық және техникалық көмек көрсету ұсынылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жоспарларын белгіледі, сондай-ақ заңсыз алынған активтерді анықтау, тәркілеу және мемлекетке қайтару саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті