
Қазақстандық прокурорлар Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісінің құқық қорғау органдарының 13-ші жыл сайынғы кездесуіне қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Бас прокуратурасының өкілдері Еуропалық Одақ (ЕО) прокурорының орынбасары Петр Клементпен және халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесші Амели Родригеспен кездесті.
Тараптар заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері бойынша тәжірибе алмасу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Айта кетейік, ЕО прокуратурасының басым міндеттері - сыбайлас жемқорлықпен және салықтарды төлемеумен күресмен қатар қаражатты жылыстату, заңсыз иемдену және т.б. болып табылады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі