Президент тапсырмасының орындалуы: БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Президент тапсырмасының орындалуы: БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

📍 Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді.

🔸 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі міндеттер – халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету және ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Арнаулы мемлекеттік қордан барлығы 27 жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген.

🚰 Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде 11 сумен қамту жобасы бар, олардың іске қосылуы ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуды кеңейтіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

🏥 Сондай-ақ 16 жоба ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға бағытталған. Олардың қатарында Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер құрылысы бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарының ашылуы ауыл тұрғындарын білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, аудандық ауруханалардағы жүктемені азайтады.

✅ Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 15 жоба толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі, ал қалған екеуін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.