Венада халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді

Венада халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері жұмыс сапарымен Венаға барды.

Сапар аясында ЕҚЫҰ Хатшылығының және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның делегацияларымен екіжақты кездесулер өтті.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ЕҚЫҰ Хатшылығы мен Астанадағы бағдарламалар офисінің белсенді қолдауымен қызметкерлердің құзыреттерін арттыруға және халықаралық тәжірибені зерделеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.

ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызмет жөніндегі үйлестірушісі Елші Б.Жүсіповпен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы ретінде Қазақстанның прокуратура органдарына виртуалды активтерді қадағалау бойынша ІТ-құралды сатып алуға техникалық жәрдем көрсету туралы құжатқа қол қойылды.

Бұл платформа ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру, алаяқтық және криптоактивтермен заңсыз операцияларға байланысты қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ықпал ететін болады.

Прокуратура қызметінде талдау құралын пайдалану Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауымен үндеседі.

Сонымен қатар, Венадағы қазақстандық өкілдіктің қолдауымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (IACA) деканы С. Тасева ханыммен екіжақты кездесу өтті.

Тараптар құқықтық үстемдікті қамтамасыз ету, оның ішінде консультациялық және сараптық-әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және активтерді қайтару саласында курстар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүдделі екендіктерін растау үшін миссиялардың басшылары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оған бірлескен зерттеулер жүргізу және қызметкерлердің кәсіптік құзыреттерін дамыту кіреді.

Мұндай құжаттарға қол қою заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасаудағы халықаралық күш-жігерді біріктіру үшін берік негіз құрады.