Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық басқармасының аға прокуроры (1 бірлік), С-КАGP-5 категориясы бойынша.

 

Функционалдық міндеттері:

1) қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ қылмыстық процестен тыс шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

2) заңсыз жолмен алынған мүлікті анықтау, тыйым салу және тәркілеу мәселелері бойынша сарапшылармен және өзге де мамандармен өзара іс-қимыл жасау;

3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің шетелдік соттарға, халықаралық арбитраждық ұйымдарға және шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдарына бастамашылық жасаған сұрау салуларды ілгерілеуді қамтамасыз ету.

4) активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін екіжақты және көпжақты шарттардың жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмысқа қатысу;

5) активтерді қайтару және мүлікті тәркілеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

6) активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттар болып табылмайтын өзге де халықаралық келісімдерге (меморандумдарға) қол қою, ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу;

7) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді, семинарларды, конференцияларды, оның ішінде халықаралық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;

8) Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

9) оқыту, активтерді қайтару саласында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті басшылығы мен қызметкерлерінің шетелдік іссапарларын ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізу;

10) активтерді қайтару саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: белгілі бір лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: 1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің,
3) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

 

Лауазымдық жалақысының мөлшесі (арнайы атағын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):

Санаты

Лауазымдық айлық

min

max

С-КАGP-6

265 809

358 718

 

Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар).

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы соңғы хабарлама жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде қабылданады, индексі 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14, қағаз тасығыштар арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 30-16-37, сондай-ақ электрондық түрде e-mail: 7310106@prokuror.gov.kz.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяы, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) Әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

Конкурсқа тестілеуден, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады.

Құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну, кандидатты әңгімелесуге жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

Бақылаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Бақылаушыларға комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге, техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат мемлекеттік органдардың «www.gov.kz» бірыңғай интернет-порталында орналастырылатын болады.

 

Бас прокуратураның

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Дата публикации
24 февраля 2025