2026 жылдың 21 қазанында Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Қыстау-Күршім ауылында 50 орындыққа арналған жаңа мектеп ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тағылымды шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Қ.Оқасов, Күршім ауданының әкімі М.Альбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы мен мамандары, ауданның құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты.
Мектеп ғимараты «Uka Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2025 жылғы 17 наурыздағы №10 үшжақты меморандум негізінде салынды.
Жалпы құрылыс ауданы 937 м² болатын нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда 7 оқу кабинеті мен шағын орталық орналасқан. Ғимарат электротеплофондар арқылы жылытылады, су құбырымен, электр жарығымен, ыстық сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар санитарлық талаптар сақталып, жарықтандыру жүйесі тиісті нормаларға сәйкестендірілген, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандус орнатылған. Мектептің іргелес аумағы қоршалған.
Бұл – ауыл балаларының сапалы білім алуына жасалған маңызды қадам!
Жаңа мектептің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық, ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол, ал жас ұрпақ үшін жарқын болашаққа бастар игі бастама.
Білім ордасының табалдырығын аттаған әрбір оқушының арманы асқақ, білімі терең, болашағы жарқын болсын! Жаңа мектеп шәкірттердің жетістіктері мен жеңістерінің алтын ұясына айналсын!
https://www.instagram.com/reel/DewOcwXgBY8/?psln=MWthdnBlaGEybTN1aw==
«Жүректен-қолдауға, қолдаудан-нәтижеге» атты аудандық семинар өтті
2026 жылғы 15 қазанда Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінде «Жүректен-қолдауға, қолдаудан-нәтижеге» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
✨ Семинардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарында әрбір білім алушыға жүрек жылуымен қолдау көрсетудің тиімді жолдарын айқындау, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және оқушылардың әлеуетін арттыруға бағытталған нәтижелі тәжірибелерді тарату.
📚 Семинар барысында қатысушылар ашық сабақтарға, тренингтерге, шеберлік сыныптарына қатысып, шығармашылық жұмыстармен танысты. Әрбір іс-шараның негізінде оқушыны түсіну, қолдау көрсету және оның жеке дамуына жағдай жасау идеясы көрініс тапты.
🤝 Жүректен шыққан қолдау – үлкен нәтижеге бастар жол. Балаға сенім білдіріп, оның мүмкіндіктерін ашуға бағытталған әрбір қадам – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі!
Семинарға қатысып, тәжірибе бөліскен барлық педагогтерге алғыс білдіреміз! 💐
https://www.instagram.com/reel/DeglvfnMRgG/?cplk=bDhwYzhwbTFmYndr
Заң және тәртіп идеологемасы аясында Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес Күршім ауданының прокуратурасымен бірлесіп мектептер арасында QUIZ интеллектуалдық ойыны өтті. Ойынға 5 команда қатысты. N3 Күршім гимназиясының "Дарабоз" командасы 1 орын, Ш. Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебінің "Shokan’s Minds" командасы 2 орын, Ю. Гагарин атындағы N1 орта мектебінің "Тәртіп team" командасы 3 орынды иеленсе, Н.Островский атындағы N4 орта мектебінің “Заңгерлер” және N5 Күршім орта мектебінің “Әділет ұландары” командалары "Белсенді қатысқаны үшін" номинациясымен марапатталды. Жүлделі орын алған командалар ақшалай сертификаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/reel/Dd8244JiStw/?stkn=MW1hdmZncmJsMmNkdw==
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегері №3 Күршім гимназиясының 6б сынып оқушысы Базарбек Айзере Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған "Ұлт ұстазының ұлағатты жырлары" атты аудандық байқауға қатысып, жүлделі 1 орынды иеленіп, Күршім АББ ӘК меңгерушісі А.Солтанқызының қабылдауында болды. Ұстаздары: Т.Сағиева, С.Елеубаева
Биік белестерді бағындырып, армандарыңа нық қадаммен жете беруіңе тілектеспіз. Әрдайым талабың таудай, жігерің мықты болсын! Жеңістерің көп болып, ата-анаң мен ұстаздарыңның мақтанышы бола бер!
Еңбекшілер күніне орай «Менің болашақ мамандығым» атты еркін пікір алмасу
Бүгін мектебімізде Еңбекшілер күніне орай 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт-бағдар беру, еңбекке деген құрметін арттыру және саналы түрде мамандық таңдауға ынталандыру.
Кездесу барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары, армандаған мамандықтары және болашақтағы мақсаттары туралы ой бөлісіп, еркін пікір алмасты.
✨ Дұрыс таңдалған мамандық — жарқын болашаққа бастар жол!
Алғабас орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай оқушылардың тілдік білімін, ойлау қабілеті мен тапқырлығын арттыру мақсатында қызықты Quiz ойыны ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Өткізген:Әмірханов Е,Майқынова А,Сыдықова А.
https://www.instagram.com/reel/Dc56q36Mbmf/?stkn=emF4d3l4Ynh0M3k4
2026 жылғы 17 тамызда Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Б. Елеубаевтың бастамасымен бөлім ұжымына «Адалдық – білім саласының басты қағидаты» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау,
қызметтік әдеп талаптарын орындау және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Білім беру саласында адалдық, әділдік, жауапкершілік және ашықтық қағидаттарын берік ұстану – әрбір қызметкердің басты міндеті.
Адалдықты ту еткен ұжым – сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиесінің берік негізі!
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
2026 жылдың 22 шілдесінде Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан біздің мектептің оқушысы, Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің 11-сынып түлегі Құмарбекова Маржан Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаевтың қабылдауында болды. Күршім ауданының елге жанашыр, туған жердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарының атынан Д.Тоқтыбаев келіп арнайы сый-құрмет көрсетті.
Бұл – білім мен еңбекті бағалаудың, жас буынға деген сенім мен қолдаудың жарқын көрінісі. Осындай құрмет жас түлектерге үлкен шабыт сыйлап, алдағы білім жолында жаңа белестерді бағындыруға жігер береді.
Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен біздің мектептің түлегін шын жүректен құттықтаймыз! Маржанға жарқын болашақ, толағай табыс пен биік жетістіктер тілейміз!
Туған жердің мерейін үстем етіп жүрген аудан азаматтарына өскелең ұрпаққа көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін зор алғыс білдіреміз. Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды!
https://www.instagram.com/reel/DbJOT62sbc9/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Ауданымыздың үздік түлектеріне құрмет көрсетілді
2026 жылдың 18 маусымында білім жолында биік жетістіктерге жетіп, оқу озаттылығымен ерекшеленген 11-сынып түлектеріне құрмет көрсету мақсатында ауданымызда «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестат иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында білімге ұмтылып, табандылығы мен еңбегінің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізген түлектерге Күршім ауданының белсенді тумалары тарапынан арнайы ақшалай сертификаттар табысталды.
Бұл – жас түлектердің еңбегін бағалау, олардың жетістіктерін қолдау және өскелең ұрпақты білімге, ізденіске, мақсатқа ұмтылуға ынталандыруға бағытталған игі бастама.
Үздік түлектерімізге алдағы студенттік өмірде сәттілік, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! Қолдау көрсетіп, білімді ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз!
Білімді ұрпақ – ел болашағы!
https://www.instagram.com/reel/DZuXROUEcHL/?igsh=d3l6ZmxobGRtZXBw